ӘПСАНАЛАР

ӘПСАНАЛАР (парс. хикая, тарих, оқиға, әңгіме) — халықтың наным-сеніміне, арман-қиялына байланысты туған ауызекі прозалық шығармалар. Ежелгі заманда болған кейбір оқиғалар, ойдан шығарылған, кітаби, діни аңыздар әсірелене әңгімеленіп, Ә-ға айналған. Осыған сәйкес Ә-да қиял-ғажайып көріністер мол болады. Қазақ ауыз әдебиетіндегі Ә. мазмұнына, тақырыбына қарай шартты түрде 5-ке бөлінеді: а) географиялық-топономикалық Ә. — аспан әлемі, жер, су, қала, ауыл аттарына байланысты хикаялар. Бұлар өзге Ә-дан бұрын шыққан (“Бурабай”, “Іле”, “Құс жолы”, “Келіншектау”, “Есек қырған”, т.б.); ә) халықтың, ру-тайпаның шығу тегі жөніндегі Ә. — әр халықтың шығуы, таралуы жайындағы этногенездік хикаялар. Қазақта үш жүздің, кейбір рулардың пайда болуы хақында Ә. кездеседі; б) діни-мистикалық Ә. — қазақ жеріне ислам дінінің таралуына байланысты туған хикаялар. Бұларда баяндалатын оқиғалар (пайғамбарлар мен әулиелердің іс- әрекеті, басынан кешкен жәйттері) көне заманның мифол. түсініктерімен сабақтас. в) әлеуметтік утопиял ы қ Ә. — халық тарихына, ел тағдырына байланысты шыққан әңгімелер. Мазмұнынан тарихи оқиғалар, әлеум. жағдайлар, нақты тарихи тұлғалар іс-әрекеті қылаң береді. Қазақ ауыз әдебиетінде Асан Қайғы, Мырзаш батыр туралы Ә-дың үздік үлгілері жасалған. Алғашында мұндай хикаялар тарихи аңыз түрінде пайда болған, кейін Ә-ға, 19- 20 ғ-ларда эпосқа айналған; г) тарихи-қаһарманд ы қ Ә. — жеке адамдар, тарихи оқиғалар туралы әңгімелер. Басқа халықтарда да жиі кездеседі. Қазақта “Ақтабан шұбырынды” оқиғасы, тарихи адамдар — Ескендір Зұлқарнайн, Әз-Жәнібек, Қаз дауысты Қазыбек, Бекет, Сырым, ақын-жыршылар — Ақан сері, Біржан сал, Балуан Шолақ жайындағы Ә. тарихи дерекке негізделген. Ә- дың сюжет-сарынын кейінгі жазушылар, суретшілер, композиторлар өз шығармаларында пайдаланды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *