ӘНҮШТЕГІНДЕР

ӘНҮШТЕГІНДЕР (1097 — 1231) — Хорезм мемлекетін билеген түркі тектес әулет. Негізін Әнүштегін Қарши (Қаршылық) (1077 — 97) қалаған. Ә. әулеті билеген мемлекет батысында Еділ бойы мен Қап тауына, Бағдад халифатына, оңт-нде Айюби ұрпақтары билеген араб мемл-тері мен Үндістанға, шығысында Жетісуға, теріскейде Ұлытау мен Торғай далаларына дейінгі терр-ны алып жатты. Қүтб әд-Дин Мұхаммед Хорезмшаһ (1097/98 — 1127/28) тұсында басталған салжұқ әмірлерімен тәуелсіздік үшін күрес Ала әд-Дин Атсыз Хорезмшаһ (1127/28 — 56) билік еткен кезеңде одан әрі жалғастырылды. Әбу-л-Фатх Арс- лан Хорезмшаһ тұсында дербестікке қол жетті. Ала әд-Дин Текеш (1172 — 1200) пен Ала әд-Дин Мұхаммед (1200 — 20) тұсыңда әулет күшейе түсті. Ә. Парсы мемл-н, Орта Азияны, Маңғышлак пен Еділдің төменгі сағасын, Жент, Баршынкент, Жаркент,

Баласағұн, Отырар қ-ларын бағындырды. Шыңғыс хан иелігіндегі елдермен бетпе-бет келуі Хорезм мемл-нің біржола құлауына себеп болды. Ә. тұсында Хорезмде өнер-білім, ғылым, кітап көшіру ісі, сауда қатынасы, халықар. байланыстар дамыды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *