ӘНШІ ҚҰМ

“ӘНШІ ҚҰМ”, ә н ш і тау — Іле өзені аңғарын бойлай орналасқан Үлкен Қалқан және Кіші Қалқан таулары етегіндегі құмды төбе. Биікт. 150 м-дей, ұз. 8 км, ені 3 км. Қалқан тауларынан соғатын желдің бағыты үнемі өзгеріп отыруы нәтижесінде құм түйіршіктері електеніп, бірегей құм қоспасынан тұратын төбеге айналған. Құм суынып жел әсерінен қозғалысқа келген кезде, одан кәдімгі сырнайдан шыққан таза ән ырғағына ұқсас үн естуге болады; егер жел күшейсе, құмнан шыққан реактивті ұшақтың гүрілі сияқты дауысқа ұласады. Бұл табиғат құбылысы, көбіне, түнде шығыстан салқын жел соққанда естіледі. Жібек жолының бойында орналасқан осы “Ә. қ-ның” үнін есту үшін жолаушылар әдейі ат басын бұрған. “Ә. қ.” табиғат ескерткіші ретінде мемл. қамқорлығына алынған. Ол Алтынемел ұлттық табиғи саябағы (1996 жылдан) құрамына кіреді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *