ӘНЕС САРАЙ Төлендіұлы

ӘНЕС САРАЙ Төлендіұлы (21.11.1937, Ресей Федерациясы, Астрахан обл. Володар ауд. Кірмалай а.) — жазушы, драматург. Қазақ мемл. ун-тін бітірген (1965). Тырнақалды туындылары респ. баспасөз беттерінде 1963 жылдан жариялана бастады. 1969 ж. жарық көрген “Мұнаралар шақырады” атты мақалалар жинағы әдеби әлемде жоғары бағаланды. Кейінгі жылдарда “Қараша өткен соң”(1971), “Бозқырау” (1973), “Тосқауыл” (1976), “

Алтын арал” (1984), “Ақтымықтүн” (1987), “Еділ-Жайық” (1994), “Асылдың сынығы” (1996), “Мұхаммед пайғамбардың өмірі” (1994), “Исатай мен Махамбет”(1997), “Адайлардың арғы тарихы” (1998) және орыс тілінде “Қараша айы келгенде”(1989) кітаптары жарық көрді.

Ә.С. драматургия саласында да өнімді еңбек етіп келеді. “Қу тазша”, “Ару Алматы”, “Мұңым менің”, “Тотиып қалды”, “Аңсау” пьесаларын және “Біз — жастармыз”, “Атаман Анненковтың күйреуі” фильмдерінің сценарийлерін жазды. Соңғы жылдары тарихи тақырыптарға да қалам тартып, оның “Қазақ атауының ізімен”, “Ер Еділ”, “Жылан бапы патшалығы”, “Арғындардың тайпалық жыры” сияқты шығармалары жарық көрді.

Жазушы шығармашылығының шоқтығы — “Еділ-Жайық” романы. Әдебиетке 1917 — 20 ж. арасындағы Каспий теңізі мен Атырау өңіріндегі төңкеріс оқиғаларына өзіндік көзқарас, тың да тосын пайымдауларымен келген ол қазақ әдебиетінде жаңа концепцияның негізін қалады. Ә. С. идеол. мұраттарға бұра тартпай, тарихи шындықты бояусыз, архивтік құжаттар негізінде баяндау арқылы әділетсіздікпен тынымсыз айқасқа түскен, жан алысып, жан беріскен саяси топтардың, олардың жетекшілерінің тарихи бейнесін жасады. 1996 ж. оған “Еділ-Жайық” романы үшін Қазақстан Мемл. сыйлығы берілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *