ӘМІР-ӘЛ-УМАРА

ӘМІР-ӘЛ-УМАРА — Шығыс елдеріндегі ең жоғарғы әскери атақ, арабша «әмірлердің әмірі» деген сөзі. Елдің бүкіл әскерін басқару үшін әскербасы әмірлердің ішінен бас қолбасшы — Әмір-әл-умара сайланады. Мұндай әскери дәрежеге ие болған адамға әскери тулар, дәреже белгісі — байрақ, бас қолбасшы дабылы (накар) тапсырылады. Бұл әскери белгілерді алып жүретін арнаулы адамдар тағайындалады. Бас әмір хан кеңесінің, әскери кеңестің мүшесі болып, ерекше құрмет белгісі ретінде иелігіне ұлыс, уәлаяттар беріледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *