ӘМІР САЙИД САМАРҚАНДИ

ӘМІР САЙИД САМАРҚАНДИ, Әмір Сайид Шариф Рахим Самарқанди (17 — 18 ғ.) — тарихшы. Көп елдерде болып, бірнеше тілді меңгерген. Рахим деген лақап атпен парсы тілінде көптеген өлең және басқа да шығармаларын жаз- ған. Туған жері Самарқан болса керек. Мұхаммед Бади бин Мұхаммед Шараф Самарқанди “Қази Бади Самарқанди ақындарының өмірбаяны” атты шығармасында оның қысқаша өмірбаянын береді (1691 жылға дейін жазған). Молла Шараф әд-Дин Алаш бин Нұр әд-Дин Ахун Молла Фарһад Самарқанди жазған “Тарих-и Сайид Рахим” (“Сайид Рахим тарихы”) аталатын (басқа да көптеген аттары бар) Орта Азияға кең тараған парсы тіліндегі шежірелік жинақты Ә. С. С. қайта жазған деген жорамал бар. Ол 1680 ж. жазылған жинақты қысқартып, толықтырса керек. Шежіреде Әмір Темірден бастап 17 ғ-дың ортасына дейінгі кезең қамтылса, қайта жазылуында оқиға 1701 — 02 жылдарға дейін созылады. Жинақта түрлі маңызды оқиғалардың болған уақыты, белгілі адамдардың туған, өлген жылдары, архит. ескерткіштердің орнатылған мезгілі, шайқастардың болған кезі, т.б. жазылады. Орта Азия мен Казақстанның тарихын зерттеуде бұл еңбектің маңызы зор.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *