ӘМІРҚҰЛОВ Ардақ Жамансарыұлы

ӘМІРҚҰЛОВ Ардақ Жамансарыұлы. 12.1955 ж.т., Жамбыл обл. Талас ауд. Ақкөл а.) — кинорежиссер. Бүкілодақтық мемл. киноматография ин-тын (С. Соловьевтің шеберханасы бойынша) бітірген (1988). “Отырардың күйреуі” екі сериялы (1994 “Ардфильм”); Қазақстан Мемл. сыйл. (1992), Монреаль қ-нда (Канада) өткен халықар. кинофестивальде (1991) киносыншылар халықар. ассоциациясының “Фипресси” жүлдесі, Фигуэйра Де Фош қ. (Португалия) Халықар. кинофестивальдің (1992) “Күміс табақша” жүлдесі; Ашгабат қ. (Түрікменстан) 1 халықар. кинофестивальдің (1992) “Күміс жарты ай” Бас жүлдесі; “Абай” екі сериялы (1995, “Ардфильм” және “Қазақфильм” студиялары), Ташкент (Өзбекстан) кинофестивалінің“Күміс Семург” жүлдесі; Гатчина қ. (Ресей) өткен “ Әдебиет және кино” 5-кинофестивалде “Жастардың қоғамдық қазылар алқасының жүлдесі” және Бүкілодақтық Мемл. Кинематография Ин-тының медалін алды; “1997” (1997 “Ардфильм” және Қазақстан Ұлттық продюсерлік орталығы) көркем фильмдерінің режиссері. Ә. “Мутанттар” (1987) көркем фильмінің сценарийін жазған. Қазақ театр және кино ин-тында курс жүргізеді (1996). Ә-тың режиссерлік қолтаңбасы тарихи тақырыпты жаңаша көзқараспен әсерлі бейнелеуімен айқындалады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *