ӘМІР

ӘМІР — шығыс елдеріндегі әскербасылық атақ. Араб тілінен енген бұл әскери дәреже түркі тіліндегі “бек” дәрежесімен сәйкес. Мыңдық, он мыңдық (түмен) әскерді басқаратын қолбасылар Ә. атағына ие болған. Ә. атағына ие болған адамға әскери ту, дәреже белгісі — байрақ, соғыс кезінде әскерді басқаруға қолданатын дабыл, шыңдауыш тапсырылған. Сонымен бірге Ә-лердің иелігіне, әкімшілік басқаруына елді мекендер, ұлыстар, уәлаяттар беріліп, олар сол әкімшіліктен түсетін кірістің не салықтың белгілі бір бөлігін алу құқына ие болған. Бұл иелік Ә-ге белгілі бір мерзімге, не мұрагерлікке берілуі мүмкін. Сондықтан Ә- лер әскербасылықты және елбасылықты бірдей ұстаған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *