ӘЛІМҰЛЫ

ӘЛІМҰЛЫ — Қазақ халқын құраған тайпалардың бірі. Шежіре бойынша Кіші жүз құрамына енеді. Қаракесек деп те аталады. Таңбасы- алшын таңбасының қосарласқан түрі. Ә-ның алты тармағы болғанына орай ел ішінде “Алты әлім” деп те атайды. Белгілі ақын Көлдейбекұлы Ерімбет (1850 — 1911) шежіресінде Ә-на жаманақ (ішекті), қарамашақ (төртқара), айнық (қарасақал), ұланақ (қаракесек), тегінболат (қарасақал), тойқожаны (ақкете) жатқызады. Мұны тарихшылар С. Толыбеков, X. Маданов, зерттеуші Қ. Салғараұлы, шежіреші Ө.Ахметов те қостайды. Ә-ның тармағы алтау болғанымен енші алып, ұранға шыққаны — төртеу. Олар: жаманақ, ұланақ, қарамашақ, айнық. Ұланақтың қаракесек атану себебі Әлімнің әкесі Қаракесек немересі Ұланақты бауырына басып, бала

етіп алады да жүріс-тұрысына қарай Сасыбай деп атайды. Былайғы жұрт “Күлтелі” бала атандырған. Ұланақтың үйінде үлкен баба Қаракесек тұрғандықтан Ұланақ есімі аталмай Қаракесек болып аталып кеткен көрінеді. Тойқожадан туғандарды ел іші басқа кете ұрпақтарынан айыру үшін Ақ кете деп атаған. Ел аузында “Әлімнің түйе қарағаны бір үйлік” — деуі Ә. өсіп-өнген тайпа екендігін көрсетеді. Ә- ның сан жағынан көбі — шекті мен төртқара. Ә-ның үлкені болып есептелетін шектіні Ә. Қоңыратбаев, О. Смирнова секілді ғалымдар Бұлғар қыпшақтарымен байланыстырады. “Диуани лұғат ат-түрк” шығармасында Шу өз-нің бойыңдағы шекті тайпасы аталады. Ал Ә. бірлестігіне жатқызылатын шөмекей, қаракесек, кетелердің Батыс Түрік қағандығының құрамында болғаны белгілі. Осындай жорамалдардың бәрі Ә. тайпасының тарихын тереңге сілтейді. Ә. Ырғыз өз- нің бойынан Қаратауға дейін көшіп барып, Сырдарияның төменгі ағысындағы Қуаңдария, Жаңадария, Қарақұмдық салаларын, Құлақшы, Барбы- Қайрақты көлдерінің төңірегін жаз жайлап, қыс қыстаған. Ә. бірлестігіне кірген рулардың кейбір бөліктері Каспий т-нің солт. алқабын, Жем, Темір, Сағыз, Ойыл, Қобда, Жайық өз-деріне дейін жайлап, Арал т-нің атырабын, Мұғалжар тауының бөктерін, Сырдарияның төменгі ағысындағы өлкелерді қыстаған. Ә-ның кейбір рулары егіншілікпен айналысып тұрақты баспаналар салған. Тайпаны құрайтын бірқатар рулардың бөліктері ерте замандардан бері Хорезм ойпатының халықтарымен сыбайлас, көрші тұрған. Олардың көпшілігі Қарақалпақстанның Тақтакөпір, Қоңырат қ-ларында тұрады. Бұлардың басым бөлігі отырықшы болып, егіншілікпен, Арал т-нің оңт. жағалауын мекендегендері балықшылықпен шұғылданған. Тек, Қызылқұмның батыс жағындағылары ғана бірыңғай көшпелі мал ш- мен айналысқан.

1730 — 43 жылға дейін Ә. тайпасының білікті адамдары тәуелсіздікті қолдан бермейміз деп Әбілқайыр ханға қарсы болған. Бақтыбай батыр мен Сырлыбай би де көпке дейін келісімін бермей жүрсе де, ел іргесінің сөгілмеуін көздеп халыққа басу айтып, хан ұсынысын қолдауға көндірген. 1815 ж. Қоқан ханы Мұхамед Рақым Ә. тайпасын қол астына қаратпақ болды. Екінші жағынан Ресей мен Хиуа қысты. Үш жақты езгіге шыдамаған Ә. тәуелсіздік күресін бастады. Бұл Жанқожа батыр бастаған көтеріліске ұласты. Ә. Тайпасынан Жалаңтөс баһадүр мен Әйтеке биден бастап алты алашқа белгілі Есет, Көтібар, Қүлбарақ, Жанғожа, Ақтан, Алтай, Арал батырлар, қарасақал Ерімбет ақын, Нұртуған жырау, Жетес шешен, Әжібай, Сопақ, Мырзағұл, т.б. билер шыққан.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *