ӘЛІМБАЕВ Мұзафар

ӘЛІМБАЕВ Мұзафар (29.10. 1923 ж.т., Павлодар обл. Шарбақты ауд. Маралды а.) — ақын, Қазақстанның халық жазушысы (1994), еңб. сің. мәдениет қызметкері (1978). Ұлы Отан соғысына қатысқан. әл-Фараби атынд. ҚазМУ-ды бітірген (1965). 1948- 58 ж. “Пионер” журналында, “Қазақ әдебиеті” газетінде бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары, 1958 — 86 ж. “Балдырған” журналының бас редакторы болды. Алғашқы жинағы “Қарағанды жырлары” 1952 ж. жарық көрді. Ақынның 52 кітабы шыққан. “Құрбыма” (1954), “Лирика” (1958), “Менің Қазақстаным” (1960), “Жолдар — жырлар” (1964), “Жүрек лүпілі” (1967), “Өшпес от” (1969), “Өлеңдер мен поэмалар” (1973), т.б. өлең кітаптары нәзік лиризм мен азаматтық әуенге толы. Ә-тың 300- дей өлеңіне ән жазылған, бірнеше ән кітаптары шыққан (“Ақмаңдайлым”, 1984). Ә. қазақ балалар әдебиетін дамытуға көп еңбек сіңірді. “Менің ойыншығым” (1953), “Отпен ойнама” (1959), “Орақ-олақ” (1962), “Шынықсаң — шымыр боларсың” (1977), т.б. кітаптары қазақ балалар әде- биетіне қосылған елеулі үлес болды. “Аспандағы әпке” жинағы үшін Қазақстанның Мемл. сыйлығы берілген (1984). Ә. мақал-мәтелдерді жинау, зерттеу, басқа халықтар мақалдарын қазақ тіліне аудару жұмыстарымен де айналысып келеді: “666 мақал мен мәтел” (1960), “Мақал — сөздің мәйегі” (1963), “Өрнекті сөз — ортақ қазына”(1967), “Мақалнама” (1970), “Маржан сөз” (1982), “ Нақылдар” (1998), “Батамен ер көгерер” (1996). “Халық — ғажап тәлімгер” (1994), “Нақылдың төркіннамасы” (1996), т.б.жинақтар мен зерттеу еңбектері

бар. Сын-зерттеу саласында “Қалам қайраты” (1976), “Көңіл күнделігінен” (1980), “Өмір, өнер, өнерпаз” (1990), “Толқыннан толқын туады” (1992), “Көңіл күнделігі” (1996), “Көргендерім көңілде”, (1992) еңбектері жарық көрді. Әлем әдебиетінің кейбір үздік шығармаларын қазақ тіліне аударды. Ә-тың өлендері 38 тілге аударылған. Бірнеше ордендермен марапатталған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *