ӘЛІМ

“ӘЛІМ” — дастан. Авторы Досымхан Төлебайұлы туралы еш дерек жоқ. Он бір буынды қара өлең үлгісімен жазылған дастан екі жастың махаббатына арналған. Шығарма оқиғасы ақ пен қызыл боп шайқасқан азамат соғысы кезінде болады да, Баттал деген байдың қызы Рәзия мен кедей баласы Әлім арасындағы махаббат иірімдері арқылы өрбиді. Дастан Баттал байдың опасыздығы салдарынан болған екі жастың өлімімен аянышты аяқталады. Жыр идеясы сүйгеніне қосыла алмаған қыз тағдыры арқылы әйел тендігі мәселесін көтерген. Дастан толық емес, бұрын еш жерде жарияланбаған. Түпнұскасы ҚР ЕМ — ЕА Орталық ғылыми кітапханасының қорында сақтаулы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *