ӘЛІКЕ БАТЫР

ӘЛІКЕ БАТЫР (19 ғасыр) — Кенесары ханның қозғалысына қатысқан батыр, Базар батырдың туған бауыры. Руы — Қуандық. Әкесі — Ес батыр, шешесі — Кіші жүздегі Мамай батырдың қарындасы. Ағыбай, Байтабын батырлар сияқты Базар батырмен бірге көтерілісшілердің жекелеген қолын бастап, ханның жауапты тапсырмаларын орындап тұрған. Зираты ауданы «Сарыөзен» ауылының батысындағы Тікенекті қорымында.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *