«ӘЛ-ҚАУААНИЙН ӘЛ-КҮЛЛИТА ЛИ-ДАБТИ-Л-ЛҰҒАТИ-Т-ТҮРКИЙТИ»

«ӘЛ-ҚАУААНИЙН ӘЛ-КҮЛЛИТА ЛИ-ДАБТИ-Л-ЛҰҒАТИ-Т-ТҮРКИЙТИ» — 14 — 15 ғ. мәмлүк қыпшақтарының тілін оқып үйрену үшін араб тілінде жазылған грамматикалық трактат. Толық аты: “әл-Қауаанийн әл-күллита ли-дабти-л-лұғати-т-түркийати” (“Түркі тілінің толық жүйеленген ережелерінің жинағы”). Авторы, жазылған уақыты мен жері белгісіз. Онда келтірілген қыпшақ тілінің материалдарына қарағанда, сол кездегі мәмлүк тілі туралы жазылған басқа жазба ескерткіштермен астасып келеді. Олар — өзара сабақтас, бәріне бірдей ортақ болып есептелетін бір тілдің әр түрлі мәселелері мен материалдарын қарастыратын жәдігерлер. Ол кезде “түрік” пен “қыпшақ” сөздері өзара синоним болып қолданылған. Қолжазба басты-басты екі бөлімнен құралған: 1) грамматика бөлімі (ең көлемді бөлігі); 2) шағын сөздік (900-дей қыпшақ сөзінің тізімі). Еңбектің екі бөлімі де түркі тіліне аударылған (1928 ж., Стамбұл, аудармашы К. Рифат Білге). Грамматика бөлімін Шавдор Телегди “XV ғасырда араб тілінде жазылған түркі тілінің грамматикасы” деген еңбегінде жариялады (Будапешт, 1937 ж., неміс тілінде). Бұл трактат О. Прицактың, 3. Б. Мухамедованың, А. Зайончковскийдің, Э. Фазыловтың еңбектерінде аталады, бірақ ғыл. тұрғыдан толық зерттелген емес.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *