ӘЛІБЕКОВ Әлиасқар Мевдиярұлы

ӘЛІБЕКОВ Әлиасқар Мевдиярұлы (1893, қазіргі Батыс Қазақстан обл. Жымпиты ауд. — 1937) — мемлекет қайраткері, Қазақ автономиясын (1920) құруға белсене қатысушы. Ленинградтың гидромелиорация ин-тын бітірген (1932). 1919жылға дейін Алаш қозғалысына қатысты. 1919 ж. Орал қорғанысына қатысқан. Жымпиты уревкомының төрағасы, 1920 ж. Қазревкомның хатшысы, РК(б)П Қазақ Обл- бюросының мүшесі болды. 1921 ж. 12 қаңтарда РК(б)П Казоблбюро төралқасы Қазақ АКСР-і құрамында Ақмола губерниясын құруға басшылық етуді Ә-ке тапсырған. Қазақ АКСР-інің Сібревкомдағы өкілетті өкілі ретінде Солт. Казақстан мен Ресей шекарасын әділ белгілеуге көп күш салды. Кейін Қазақ АКСР- інің Мәскеудегі өкілі, Қазақ АКСР-і Жұмысшы-Шаруа Инспекциясының жетекшісі және Жер халкомы, Жетісу губаткомының төрағасы, Ортаазиялық а.ш. суландыру мен механикаландыру ин-тының директоры қызметтерін атқарды. Қазақстанда жаппай саяси қуғын-сүргін басталғанда жалған айыптауларға ұшыраған Ә. өзіне-өзі қол салып қаза болды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *