ӘЛІБЕКМОЛА МҰНАЙ КЕНІ

ӘЛІБЕКМОЛА МҰНАЙ КЕНІ — Ақтөбе обл. Темір ауд-адағы кен орны. Ақтөбе қ-нан оңт-ке қарай 240 км жерде орналасқан. Кен орны 1988 ж. ашылған. Ол тектоник. бұзылыс нәтижесінде оқшауланған антиклиналдық иілімді алып жатыр. Сейсмикалық зерттеу бойынша құрылым өлшемдері 17×5 км, биікт. 450 м. Өнімді қабаттар карбон кезеңінің әктасты шөгінділерінде түзілген. Коллектордың кеуектілігі 6,5 — 12,1%, мұнай сіңімділігі 70 — 81,8%. Бастапқы қабат қысымы 31,3 мПа, темп-расы 70°С. Ұнғыманың тәуліктік өнімд. 269 м3. Мұнайдың меншікті салм. 0,845 г/см3, құрамында күкірт (1,31%), парафин (8,08%), шайыр (5,61%) бар. Мұнайлы қабаттардың жүргісі (режимі) арынды, серпінді-сулы келеді. Кен орны игерілуге дайын.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *