ӘЛПЕТ

ӘЛПЕТ — түр-сипатты, сыртқы көріністі білдіретін эстетикалық ұғым. Болмыс түрін білдіретін төрт ұғымның (атау, сапа, әлпет, мағына) бірі. Болмыс түрінің әлпетіне оның сапасы мен мағынасы әсер етуі мүмкін. Адамның көңіл-күйі, ішкі сезімі, ең алдымен, оның бет-әлпетінен көрінеді. Әлпет жеке адамның өзіне тән сыртқы сипатын көрсетеді. Адам әлпетінен ақыл нұры, жан сұлулығы, мейірімділігі, сабырлылығы немесе қатыгездігі, үрейі, қуанышы байқалады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *