ӘЛМҰХАМБЕТОВ ЖЕКСЕНБЕК

ӘЛМҰХАМБЕТОВ ЖЕКСЕНБЕК(1.6.1928 жылы туған, Жамбыл облысы Тараз қаласы) – геологика-минералдық ғылымның докторы (1975), профессор (1984). Орта Азия мемлекеттік университетін бітірген (1951). 1951–1952 жылы Орта Азия тресінің геологикалық партиясын басқарды. Қазақстан Ғылым Академиясының Геология ғылымдар институтында инженер, кіші ғылым қызметкер (1956–1960), лаборатория меңгерушісі (1961–1982) болды. 1982 жылдан Қазақ политехногикалық институтында (қазіргі Қазақ ұлттық технологикалық университеті) кафедра меңгерушісі (1982–1992), профессор (1992). Ғылыми еңбектері геофизикалық әдістер кешені арқылы жердің терең қабаттарының құрылымын зерттеуге арналған. Әлмұхамбетов республикада тұңғыш рет электрмагниттік зондтау әдісімен Қазақстан жер қойнауындағы ірі кенді тораптарды зерттеді. Қазақ КСР-і Мемлекеттік сыйлау лауреаты (1978).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *