ӘЛМАҒАМБЕТ ОСПАНҰЛЫ

ӘЛМАҒАМБЕТ ОСПАНҰЛЫ(1886, қазіргі Қостанай облысы Жангелдин ауданы Шилі мекені — 1966, сонда) — ақын, ұстаз, молда. Торғай қаласында Ы.Алтынсарин ашқан қолөнер мектебінде оқып, 1905жылы бітірген. 1911 — 16 жылдары Троицкідегі “Расуля” медресесін тамамдаған. 1917 — 23 жылдары өз ауылында “Бостандық” мектебін ашып, А.Байтұрсынов емлесімен сабақ берген. 1925 жылы Торғай уезі мұсылмандары Әлмағамбетті дін басшысы — Мұхтасиб етіп сайлады. Осы қызметі үшін Әлмағамбетті Кеңес өкіметі қуғынға ұшыратып, екі рет тұтқындап (1929, 1931), екеуінде де 10 жылға соттады. Ақталып шыққан соң Ақтөбе облысының Ырғыз, Қостанай облысының Жангелдин, Қарабалық аудандарында мұғалім болып істеді. 1941 жылы “халық жауы” деген жаламен қайтадан 8 жылға сотталып, кейін Маринскіге жер аударылды. 1944 жылы босап шығып,1961 жылы туған ауылында қайтып оралды. Әлмағабеттің алғашқы өлеңдері “Айқап” журналы мен “Қазақ” газетінде жарияланған. Оның “Қош, Торғай” деген көлемді толғауы, “Жастарға айтар сөз”, “Арақ туралы”, “Жазушыдан ақырғы сөз” деген өлеңдері халық арасына кең тараған. Өлеңмен жазған шежіресі бар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *