ӘЛИ ӘУЛЕТІ

ӘЛИ ӘУЛЕТІ — Әли Әбу Тәліптің (Әзірет Әлінің) ұрпақтары. Әлидің бірнеше әйелінен көптеген балалары болған.Олардың ішіндегі ең әйгілілері Мұхаммед пайғамбардың қызы Фатимадан туған Хасан мен Құсайын және Мұхаммед ибн әл-Ханафия. Имамшыл шииттердің мойындаған 12 имамның 10-ы — Құсайын ұрпағынан тарайды. Шииттердің діни-саяси қағидасы бойынша пайғамбарлыққа барабар жоғары өкімет (имамат) бар. Оны “құдай белгілеген”. Осы ережеге сәйкес имам болу Әлиге және оның ұрпақтарына ғана мирас болып қала беруге тиісті. Бүкіл ислам тарихында дерлік Әли әулеті немесе оның жақтастары жоғары билік үшін қарулы және идеологиялық күрес жүргізіп, Әли әулетінің имам болуын жақтап отырды. Бұл ел арасында көптеген соғыс өртіне себеп болып, халифаттың әр бөлігінде Әли әулеті басқарған имамдықтарды тудырды.Өздерінің идеол-сын дәлелдеу үшін Ә.ә терең діни теория жүйесін жасады. Олардың болмыс заңдылықтарын түсіндіруі кейбір тұста сопылық ілімдерімен үндеседі.

 Әли әулетінің көптеген ұрпақтары қазіргі кезде барлық мұсылман елдерінде тұрады. Олар шииттік қағида белгілеген өздерінің діни құқығын білдіру үшін жасыл сәлде тағып жүреді және сеийдтер немее шерифтер деп аталады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *