ӘЛИХАНОВ Мүбарак Ісләм ұлы

ӘЛИХАНОВ Мүбарак Ісләм ұлы (шамамен 1884, Семей обл. Өскемен у. Себе болысы — 1929, Шығыс Қазақстан обл. Ұлан ауд.) — қазақ байы, болыс, шежіреші. Найман тайпасының сарыжомарт руынан шыққан. Арғы атасы Тілеуберді Қозыбайұлы Көк пекті округінің аға сұлтаны болған. Бергі атасы Әлихан мен әкесі Ісләм көп жылдар бойы Сарыжомарт, Себе болысын билеген. Ә. жасында орысша білім алған. Ол Тоқтамыс хан жаздырған қазақ шежірелерін жинастырып, “Мүбарак шежіресі” деген атпен құрастырып сақтаған. Ә. Қазақстандағы ірі байлардың қатарында отбасымен Қырғызстанға жер аударылды (1928). 1929 ж. елінежасырын оралып, туған жерінде қайтыс болды. Ұрпақтары Қырғызстанда тұрады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *