ӘЛИАКПАРОВ МАҚАШ ТЫНЫШТЫҚБАЙҰЛЫ

ӘЛИАКПАРОВ МАҚАШ ТЫНЫШТЫҚБАЙҰЛЫ (10.10.1937 жылы туған, Шығыс Қазақстан облысы Жарма кенті) – медицина ғылымның докторы (1984), профессор (1984), Қазақстан Ғылым Академиясының академигі (2003).Қазақстан Республикасының Суретшілер одағының мүшесі (1994). Семей мемлекеттік медицина институтын бітірген (1966).Шығыс Қазақстан облыстын туберкулез диспансерінің рентгенолог дәрігері (1966–1968),КСРО Денсаулық сақтау министрилігіОрталық рентген-радиология институтының клиникалық ординаторы, аспиранты, аға ғылыми қызметкері (1968–1973, 1979–1982), Семей мемлекеттік медицина институтының ассистенті, кафедра меңгерушісі (1973–1979, 1982–1984), проректоры (1984–1989) болды. 1989 жылдан Қарағанды мемлекеттік медицина академиясының ректоры. Негізгі ғылыми-зертеу еңбектері рентгенологиялық әдістерді жетілдіруге, оған керекті жаңа контрасты препараттар шығаруға,адам денесіндегі іріңді жаралардың әсерінен ішектің жарылуын, қан мен лимфа айналымының сырқаттарын зерттеуге арналған. Сондай-ақ ол Орталық Қазақстанның медицина-экология жағдайын зерттеп, жасөспірімдердің анатомия даму ерекшеліктерін анықтады. Іш құрылысының паранхиматозды органдарын сәулемен анықтау тәсілін тапты. Әлиакпаров қазақтың көрнекті қоғам қайраткерлері: Әйтеке, Төле, Қазыбек билер және Абай ұрпақтары туралы зерттеу еңбектер жазды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *