ӘЛЕУМЕТТІК ӨЗГЕРМЕЛІЛІК — (әлеуметтік мобильділік)- 1) индивидтер мен топтардың әлеуметтік кеңістіктегі орын алмастыруы; 2) индивидтер мен топтардың әлеуметтік құрылымдардағы өз орындарын, яғни атқаратын рөлін өзгертуі. Әлеуметтік өзгермелілік қоғамдық даму заңдылықтарына да, тұлғаның тікелей өз қызметіне де байланысты екі түрлі сипатта көрініс береді. Біріншісі — әлеуметтік көзқарастар жүйесіндегі тік қозғалыс (орын ауыстыру). Екіншісі — тұлғаның көлбей, яғни әлеуметтік бір деңгейде жылжуы (орын өзгертуі). Әлеуметтік өзгермелілік тегіне, бағыт-бағдарына байланысты топтық, жіктік, негізгі және екінші дөрежелі, үйреншікті, кездейсоқ, бұқаралық және жеке-дара болып бөлінеді. Әлеуметтік өзгермелілік бір ұрпақ немесе екі (әке мен бала), әйтпесе үш (ата, әке,бала) ұрпақ арасындағы әлеуметтік көзқарастар өзгерістерін көрсетеді. Әлеуметтік өзгермелілік, негізінен, әлеуметттік жіктелу кезеңіне тән.