ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАР АКАДЕМИЯСЫ

ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАР АКАДЕМИЯСЫ,Қазақстанның Әлеуметтік ғылымдар академиясы – мемлекеттік емес ғылыми мекеме. 1995 жылы 30 наурызда құрылған. Алғашқы құрамында барлығы 18 мүше (оның ішінде 10 академик, 8 корресподент мүше) болды. Академияның негізгі мақсаттары: Қазақстанда нарықтық қатынасқа көшу жағдайын, әлеуметтік-экономика, экология, саяси және мәдени даму процестерін, құқықтық мемлекет құру кезіндегі демократия дамуын, этносаралық және мемлекетар. қатынастарда орын алып отырған үрдістерді, еуразиялық кеңістікті қамтитын интеграциялау мүмкіндіктерін, диаспорол. мәселелерін зерттеу, сол негізде ғылыми ізденістеріне бағыт беру, халықаралық байланыстар орнату, білім беру жүйесін жетілдіру, жаңа оқу бағдарламалары мен жоспарларын жасау, конференциялар, «дөңгелек үстелдер» ұйымдастыру, кітаптар, жаңа типтес оқулықтар шығару және т.б.

Ә.ғ.а-ның 120-дан астам мүшесі бар (1998). Академияның алғашқы президенті – белгілі ғалым-философ, қоғам қайраткері. Академия Қазақстан Республикасы ҒМ – ҒА жариялаған конкурсқа қатынасып, 5 тақырып бойынша зерттеулер жүргізуде және басқа да халықар.жобаларды іске асыруда. Академия жанына қазақ және орыс тілдерінде «Жербесік-Ноосфера» журналы шығарылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *