ӘЛЕУМЕТТІК-ЭТИКАЛЫҚ ТРАКТАТТАР

«ӘЛЕУМЕТТІК-ЭТИКАЛЫҚ ТРАКТАТТАР» — ұлы ғалым Әбу Насыр әл-Фарабидің (870— 950) әлеуметтік-этикалық мәселелерге арналған шығармаларының жинағы. Оларда әл-Фараби қайырымдылық, ізгілік, ар-ождан, даналық, кішіпейілділік секілді қасиеттерге философиялық тұрғыдан өз көзқарасын білдіреді. Бақыт және оған жету жолдары туралы айтады. «Адам өмірінің мақсаты бақытқа жету болғандықтан, ең алдымен оның не екенін ұғынуы және сол бақытқа жету үшін не істеуге тиіе екенін білуі қажет» дейді автор. Адамзат қоғамының дұрыс бағытта дамуы әлеуметтік тәртіпке, әлеуметтік құндылықтар жүйесіне тікелей байланысты екенін көрсетеді. Трактаттар орыс және қазақ тілдерінде алғаш рет 1975 жылы жарық көрді. Бұл жинакка әл-Фарабидің этика тақырыбына жазған «Ӏзгі қала тұрғындарының көзқарастары жайлы трактат», «Бақытқа жету туралы», «Бақытқа жол сілтеу», «Азаматтық саясат», т.б. еңбектері енген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *