ӘЛЕМДІК РЫНОК

ӘЛЕМДІК РЫНОК — жекелеген елдердің бір-бірімен сауда-экономикалық қатынастар арқылы байланысы бар ұлттық нарықтардың жиынтығы немесе халықаралық еңбек бөлінісіне қатысу арқылы өзара байланысқан елдер арасындағы тұрақты тауар-ақша қатынастарының жүйесі. Әлемдік рыноктың бірнеше түрі бар. Капиталдың әлемдік рынокгы — капиталдың экспорты мен импорты бойынша жүйелі де тұрақты операциялармен байланысты халықаралық айырбас саласы. Ондай операциялардың объектісіне кәсіпкерлік және несиелік капитал, ал субъектілеріне жекеленген кәсіпкерлер, қаржы және банк ұйымдары, ұлтаралық компаниялар жатады. Капиталдың әлемдік рынокгында қор биржасы ұйымдастырушылық-экономикалық рөл атқарып, капиталдың елдер арасында ауысуына, өндірістердің қаржыландырылуына жағдай жасайды. Машиналар мен құрал-жабдықтардың әлемдік рынокгы — машина жасау өнеркәсібінің өнімін сату мен сатып алу жөніндегі жүйелі де тұрақты халықаралық сауда. Ол тауар нарығының көптігімен ерекшеленеді және бәсекелестіктің, әсіресе, бағаның әрі олар туралы экономикалақ, коммерциялықақпараттың қалыптасуына әсер етеді. Әлемдік рыно субъектілері — экспорт және импортпен айналысатын фирмалар. Әлемдік рыноның бұл түріне сұраныс пен ұсыныстың ара қатынасы үлкен ықпал жасайды. Жұмысшы күшінің әлемдік рыногы — жұмыс күшін сату және сатып алу бойынша жүйелі де тұрақты қызмет көрсететін халықаралық экономикалық байланыс жүйесі. Бұл нарық еңбек ресурстарының ауысуын, әлемдік ауқымда олардың еңбекке деген мүмкіндіктерін арттырады. Бірақ халықаралық жұмыс күшінің миграциясы көп жағдайда оларды ауыстыруға байланысты ұлттық шектеулермен, әлеуметтік, экономикалык, мәдени, тарихи нысандарымен қатар айқындалады. Технологиялық әлемдік рынок — технология шешімдерді (лицензиялар, “ноу-хау”, жобалар мен құнды құжаттар) сату және сатып алу операцияларын жүргізетін халықаралық сауда саласы. Ол қазіргі ғылыми-техникалық прогрестің рөліне байланысты әлемдік айырбастың басты секторына айналып отыр. Технологиялық нарық ғылым жетістіктерін өндіріске енгізуші, ғылыми-зерттеу және инжинирингтік фирмалар қызметінің нақты ұйымдастырушылық нәтижелерімен көрінуде, ал олардың субъектілері әр түрлі елдердің озық фирмалары, халықаралық және ұлтаралық компаниялар болып табылады. Шикізат және отынның әлемдік рынокгы — әр түрлі тауарлар бойынша сату және сатып алу операцияларын жасайтын халықаралық сауда орталықтары немесе жүйесі. Оның негізгі ұйымдастырушылық формасы — тауарбиржасы. Шикізат пен отынның көп бөлігі сол арқылы сатылады. Қызмет көрсетудің әлемдік рынокгы — халықаралық тауар айырбасының ерекше жүйесі. Ол орнықты да жүйелі түрде өндірістік және тұтыну тауарларын сату және сатып алу операцияларын жүргізумен сипатталады. Бүгінде дүние жүзі сауда үлесінде қызмет көрсету айырбасы 44% көлемінде. Олардың негізгі объектілеріне ақпараттық және бағдарламалық жұмыстар, инжиниринг, консалтинг сияқты қызмет көрсету ұйымдары жатады.

Әлемдік шаруашылық — халықаралық еңбек бөлінісі және әр түрлі елдер арасындағы сауда, экономикалық, қаржылық, ғылыми-техникалық қатынастар жүйесі. Ол өндіргіш күштердің ұлттық шаруашылықтағы шеңберін кеңейту жағдайында пайда болды. Әлемдік шаруашылық экономикалық байланыс пен дүние жүзі экономикалық және территория бөлу ретінде XX ғасырда қалыптасты. Сайып келгенде әлемдік шаруашылық өндірістің дамуы, халықаралық еңбек бөлінісінің артуы, осындай процестерге көптеген жаңа мемлекеттердің кіруі, дүние жүзі сауданың экономика өрлеудің басты нысанына айналуы, халықтың және ұлттық шаруашылықтардың әр түрлі тауарларға сұранысын қамтамасыз ету заңдылықтарынан туындады. Мұнда өндіріс және банк құрылымдары үлкен рөл атқарды, солардың негізінде экономика мен саясаттың үстемдігін орнатушы қаржы капиталы пайда болды.

Әлемдік шаруашылықтың одан әрі дамуы капиталды үдемелі түрде сыртқа шығарумен, трансұлттық компаниялардың құрылуымен тығыз байланысты. Сонымен қатар, әлемдік шаруашылықтың даму процесі үкіметаралық және үкіметтен тыс халықаралық ұйымдардың өркен жаюымен де сипатталады. Ондай ұйымдар XIX ғасырдың 60-жылдарынан бастап құрылып, қазіргі кезде оның саны 20 мыңға жуықтады. Атап айтсақ Халықаралық телеграф одағы (1865 жылы), Дүние жүзі сауда ұйымы (ЮНКТАД),Дүние жүзі кеден одағы, Шикізат өндіруші елдер одағы (ОПЕК, АПЕФ т.б.), Энергетикалық ресурстармен сауда (Еуропалық энергетикалық хартия, МИРЭС т.б.) және т.б. кіреді.

Бүгінгі әлемдік шаруашылық біркелкі емес. Оған әлеуметтік және саяси құрылымдары, өндіргіш күштері мен өндірістік қатынастары әрқилы дамыған, сонымен қатар халықаралық экономикалык қатынаста сипаты, көлемі әр түрлі елдер жатады. Оларды өнеркәсібі дамыған, жаңа индустриялды елдер деп шартты түрде бөлуге болады. Бұлардың қатарына АҚШ, Германия, Франция, Ұлыбритания, Жапония сияқты елдер, ал жаңа дамыған индустриялдық елдерге Бразилия, Мексика, Аргентина, Оңтүстік Корея, Тайвань т.б. жатады.

Әлемдік шаруашылықтың құрамдас бөлігіне айналу жолында Қазақстан Республикасы біршама табысқа жетті. Ол қазіргі кезде 60-тан астам әр түрлі халықаралық ұйымдарға мүше. Солардың арасында Дүн.жүз.кеден ұйымы, Еуропалық энергетик.хартия, БҰҰ –ның комиссиялары бар. Қазақстанның Ә.ш-тағы орны мұнай-газ өнеркәсібінің, түсті және қара металлургияның, астық ш-ның, көлік инфрақұрылымның өркендеп дамуына тығыз байланысты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *