ӘЛЕМ

ӘЛЕМ (араб. Әләм: 1. Жарық дүние; 2.дүние; 3.халық, бұқара,қауым) – тұтастықты бейнелейтін ұғым. Қазақтың дәстүрлі дүниетанымында Ә.жер жүзі, жеті қабат жер асты және жеті қат көктен тұрады. Ә.ұғымы сондай-ақ жиынтықты да білдірген: адамзат Ә-і, табиғат Ә-і, рухани Ә., т.б. Қазіргі ғыл.түсінікте Ә.мен ғалам ұғымдарының ара жігі ажыратылған. Ғалам ұғымы кеңістік пен уақыт бойынша шегі де, шеті де жоқ, пішіні сансыз көп өзгеріске түсе алатын және қазіргі заманғы астрон. Құралдармен зерттеуге болатын ғарыш кеңістігін білдіреді. Ал Ә.сөзі: 1) дүние жүзі;2)белгілі бір дүниенің тұтас жиынтығы мағыналарында қолданылады. Кейбір әдебиеттерде бұл екі атау бір-бірінің орнына ауыстырылып қолданылып жүр. Ә-танудың принциптік бастамасы – оның материалдылығын, объективтілігін, санадан тәуелсіздігін мойындау. Ә.мәңгі.Ә-ді құрайтын материя ешқашан жойылмайды, ол үнемі бір түрден екінші түрге ауысып отырады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *