ӘЛДЕБЕК Абызұлы (шамамен 1705-09 – ө.ж. белгісіз) – би, шешен. Әкесі соқыр Абыз көріпкел әулие атанған. Жаугершілік заманда халық бірлігін нығайтуға ұмтылған. Абылай ханға ойын ірікпей айтқан. Хан жасы ұлғайып, қалмақ әйелінен туған Қасым деген баласын хан сайлатпақ болғанда Ә.би: «Тәкаппар, кежір адамнан, Хан сайласақ тақсыр-ау, Қаһарын шашып халыққа,
Айдаһардай сор болады» деп, Қасымның қатыгез екенін ашық айтқан. Осы сөздің ықпалымен хан жағына мұрагерлікке Уәли сайланған.