ӘКІМШІЛІК ТҰТҚЫНДАУ, ӘКІМШІЛІК ҚАМАУҒА АЛУ

ӘКІМШІЛІК ТҰТҚЫНДАУ, ӘКІМШІЛІК ҚАМАУҒА АЛУ — заңда көзделген ерекше реттерде, құқық бұзушылықтың жекелеген түрлеріне қатысты тағайындалатын әкімшілік жазашарасы. Ол, әдетте, қылмысқа қарағанда қоғамға қауіптілігі аздау теріс қылықтарға, құқыққа қайшы әрекеттерге (мысалы, ұсақ бұзақылыққа, құқық қорғау органдарыныңзаңды талабына қасақана бағынбауға, қоғамдық орындарда спиртті ішімдіктер ішіп, мас болуға, рұқсатсыз митинг, шерулер ұйымдастыруға т.б.) байланысты қолданылады. Әкімшілік тұтқындаудың мерзімі — 15 тәулікке дейін болуы мүмкін. Төтенше жағдай енгізілген кезде құқыққа қайшы қылық жасаған адамды 30 тәулікке дейін қамауда ұстау жөнінде жаза белгіленеді. Кінәлі адам аудандық соттың судьясының қаулысы негізінде ғана қамауға алынады.Заң бойынша жүкті әйелдерге, он екі жасқа дейінгі балалары бар әйелдерге, он сегіз жасқа толмаған адамдарға, бірінші және екінші топтағы мүгедектерге мұндай жаза шарасын тағайындауға болмайды. Әкімшіліктұтқындау шарасы қолданғандар жаза мерзімін ішкі істер органдарының арнаулы мекемелерінде, сотталушылардан, тергеуге алынғандардан бөлек өтейді. Әкімшілік тұтқындау жазасын тарту сотталғандық болып есептелмейді, жұмыстан шығаруға негіз бола алмайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *