ӘЙТИЕВ ӘБДІРАХМАН

ӘЙТИЕВ ӘБДІРАХМАН (21.3. 1886, Орал облысы, Орал уезі, Қароба болысы, Сүгірбай ауылы (қазіргі Теректі ауданы) — 16.11.1936) — мемлекет қайраткері.Қараоба орыс-қазақ мектебін бітірген (1901). 1917-20 ж. Батыс Қазақстандағы Қазан төңкерісі оқиғаларында және Азамат соғысы кезінде қызылдарды қолдады. 1920-21 ж. Кеңестердің бүкілқазақстандық құрылтай съезін өткізуге, Қазақ автономиясының солт.шекарасын белгілеуге белсене араласты, Ақмола губревкомының төрағасы болды. 1921 ж. Қазақ АКСР-ы Ішкі істер халкомы болып тағайындалды. Ә.Кеңестік Қазақстанның тұңғыш Конституциясы жобасын, маңызды заң актілері мен ережелерін дайындауға белсене араласты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *