ӘЙТЕКЕ БИ АУДАНЫ

ӘЙТЕКЕ БИ АУДАНЫ – Ақтөбе облысының солтүстік-шығыс бөлігіндегі әкімшілік бөлініс. Жер аумағы 36,3 мың км². Аудан орталығы – Комсомол ауылы. Аудан 1996 жылы Қарабұтақ пен Комсомол аудандарының таратылу нәтижесінде құрылды.Ауданда 50-дей елді-мекен бар. Олардың ірілері:  Аралтоғай, Аралтөбе, Бөгетсай, Қарабұтақ, Жабасақ, Құмқұдық ауылдары. Ауылдық округтер тізімі: Әйке, Ақтасты, Ақкөл, Аралтоғай, Басқұдық, Жабасақ, Жамбыл, Қайрақты, Комсомол, Қарабұтақ, Құмқұдық,Қызылжұлдыз, Сарат, Сұлукөл, Үшқатты. Аудан жері негізінен үстіртті жазық (биіктігі 100 – 400 м) келеді. Солтүстік-шығысын Мұғалжар тауы алып жатыр. Климаты тым континенттік, қысы суық, жазы ыстық. Қаңтардың орташа температурасы –17°С, шілдеде 22°С. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 200 – 250 мм. Аудан жерінен солтүстіктен оңтүстікке қарай Ырғыз өзені мен оның Қарабұтақ, Қайрақты, Шолаққайрақты, Ұлыталдық, Балаталдық, т.б. салалары ағып өтеді. Аудан аумағында Белқопа, Әйке, Тегіссор көлдері бар. Аудан жері негізінен қоңыр, қызғылт қоңыр топырақты келеді. Өсімдіктерден боз, бетеге, жусан, қамыс, киікоты, жоңышқа, изен, тобылғы, көкпек, қараған, алабота өседі. Жануарлардан түлкі, қарсақ, қоян, қасқыр, күзен, борсық, ақ бөкен, киік; құстардан қаз, үйрек, тырна, дуадақ, жылқышы, тауқұдірет, балықшы, қызғыш, қарақұс, жапалақ, бозторғай, бүркіт, т.б. мекендейді. Ауыл шаруашылығына жарамды жер аумағы 188,9 мың га. Оның ішінде жыртылатын жері 69,3 мың га, шабындығы 4,3 мың га, жайылымы 835,8 мың га.

Елді мекендер автомобиль жолдары арқылы байланысқан. Ауданда баспахана, 30-дан астам бастауыш, орта, музыка және спорт мектептері, балабақшалар, кәсіптік-техн.уч-ще, мәдениет үйі, клубтар, кітапханалар, кинотеатрлар бар. Аурухана, емхана, тубдиспансер, фельдшерлік-акушерлік пункттер, дәріханалар жұмыс істейді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *