ӘЙКЕ

ӘЙКЕ — Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданындағы ауыл, Әйке ауылдық округі орталығы. Аудан орталығы — Комсомол ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 105 км-дей жерде, боз,бетеге өскен далалық белдемде орналасқан.Тұрғыны 1,4 мың адам (1997). Ауылда бұрынғы кеңшар негізінде ұйымдастырылған өндірістік кооператив жұмыс істейді. Мектеп, клуб, емхана, кітапхана, сауда орны бар. Тұрғындары облыс орталығымен және елді мекендермен автомоб.жолы арқылы қатынасады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *