ӘЙКЕ – Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданындағы көл. Ұзындығы 10 км, енді жері 2,4 км.Жауын-шашынға байланысты ауд. 29 км2-ден 68 км2-ге дейін ұлғайып, өзгеріп отырады. Қуаңшылық жылдары құрғап қалады. Алабы мал жайылымы, шабындық ретінде пайдаланылады. Қарашаның аяғында суы қатып, сәуірдіңаяғында мұзы ериді.