ӘЙЕТ БОКСИТ КЕН ОРНЫ

ӘЙЕТ БОКСИТ КЕН ОРНЫ – Қостанай облысы, Бейімбет Майлин ауданындағы алюминий кентасы өндірілетін кен орны.Бокситті қабаттар мезозойдың үгілу қыртысында түзілген. Үгілу қыртысының табанында ішіне гранодиорит, диорит, порфирит интрузивтері енген тас көмір кезеңінің әктастары, аргиллиттері, жанартаутекті жыныстары жатыр. Карбонатты жыныстардағы эрозиялық-карст депрессиялары мен карст шұңқырлары сазға, лигнитке, бокситке, аллитке толған. Бұларды палеоген – антропоген кезеңінің құмы, сазы, саздақтары жауып жатыр.Кентас негізінен гиббситтен тұрады, сапасы әр түрлі, кен денелері линза, ұя пішінді, ұзындығы 50-600 м, ені 50-350 м, орташа қалыңдығы 5,1-25,3 м, олар 15-48 м тереңдікте қалыптасқан. Кен құрамында 39 – 52° алюминий оксиді (Al2O3), 7-19% кремний оксиді (SіO2) бар. Бокситтің абразивтік түрлері кездеседі. Әйет боксит кені Павлодар алюминий зауытының шикізат базасы болып табылады.ӘЙКЕ – Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданындағы көл. Ұзындығы 10 к

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *