ӘЙЕЛ ТЕҢДІГІ

“ӘЙЕЛ ТЕҢДІГІ” — қазақ әйелдеріне арналған қоғамдық-саяси журнал. Ол бастапқы кезде, 1925 жылы. 5 мамырда өлкелік партия камитетінің жанындағы әйелдер бөлімінің газеті ретінде “Теңдік” деген атпен Орынбор қаласында шыққан. Редакторы — Соня Есова. Журналды шығару жұмысына Ш.Қожахметов, Р. Сүгіров, Сәбит Мұқанұлы Мұқанов белсене қатысқан. Кей нөмірлеріне (мысалы, 1925 жылы N3) редактор ретінде Бейімбет Майлин қол қойған. Кейіннен журналға Нұржамал Сәнәлиева (1932 — 1934), Н. Арықова (1934 — 1935) басшылық етті. Мақсаты — Қазақстан автономиялы республикасы ОАК-нің 1920 жылы қабылдаған қалың малға, әмеңгерлікке, көп әйел алушылыққа тиым салу туралы декретін бұқараға түсіндіру, әйелдердің қоғамдық өмірге араласуын насихаттау болды. 7 нөмірі жарық көрген соң, 1926 жылы шілде айынан “Теңдік” газеті журналға айналып, “Әйел теңдігі” аталды. Журналдың партия тіршілігі, әдебиет, кітап сыны, өнер-білім үйрену, заң, сұрақ-жауаптар, тілшілер, т.б. бөлімдері болды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *