ӘЗІРБАЕВ ЕРДЕН НЫҒМЕТҰЛЫ

ӘЗІРБАЕВ ЕРДЕН НЫҒМЕТҰЛЫ (12.7.1912, Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Сайқын станция – 14. 1.1975, Алматы қаласы) – химия ғылымдарының докторы (1961), профессор (1962), Қазақстан Ғылым Академиясының корресподент мүшесі (1962), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1969). Саратов университетін (1933), Ленинград университетінің аспирантурасын (1937–1940) бітірген. 1933–1934 жылы Саратов крекинг зауытында, 1934–1935 жылы Орал педагогикалық институтында жұмыс істеп, осында химикалық кафедрасын ұйымдастырды. 1935 жылдан ҚазМУ-да (қазіргі ҚазҰУ) ассистент, доцент, кафедра меңгерушісі, декан (1940–1954), 1954–1958 және 1964–1975 жылы Химия ғылымдары институтында лаборатория, бөлім меңгерушісі болды. 1958–1964 жылы Қазақстан Ғылым Академиясының Химия-металлургия институтының директоры қызметін атқарды. Негізгі ғылыми еңбектері көмір, мұнай, ацетилен, органикалық қосылыстар, изиол. активті заттар химиясына, нәзік органикалық қосылыстар синтезіне арналған. Әзірбаев органика синтез саласында ацетиленнің жаңа туындыларын және оның изомерлерін зерттеді. Алғаш Қарағанды көмірінен кокс алу мүмкіндігін анықтады. Медицинада ісікке карсы қолданылатын «Глиофен», ауыл шаруашылықтында өсімдік өсуін тездететін «Акпинол», «Фоспинол» препараттарын тапты. 81 авторлық куәлік алған. Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» (1945) ордендерімен және медальдармен марапатталған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *