ӘЗІЛ СУРЕТ

ӘЗІЛ СУРЕТ, шарж (фр. charge — әсерлеу) — адамның ішкі жан дүниесін, мінез-құлқын ашу мақсатында әсірелеп, оның тұлғасын, келбетін, ұқсастықпен күлкілі әрі нанымды етіп суретке салу, сатиралық немесе юморлық бейне.

Шаржда карикатуралық өзгерістер болғанымен адамның негізгі кейпі мен өзіне тән басты ерекшелігі, мінезі қамтылады. Өткір сатиралық шаржбен әзіл-оспаққа негізделген достық шарждар да кең тараған. Әзіл сурет қазақ бейнелеу өнерінде кенже дамыды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *