ӘЗЕРБАЙЖАН ТІЛІ

ӘЗЕРБАЙЖАН ТІЛІ – түркі тілдерінің оғыз бұтағына жатады. Әзерб. Респ-ның мемлекеттік.тілі. Одан тыс Грузия, Армения, Дағыстан, Ирак, Түркия, Ауғанстан елдерінде де тараған. Шамамен жиырма млн –ға тарта адам сөйлейді. Георг.таралуына қарай шығыс, батыс, солт.,оңт., деп аталатын төрт диалектілік топқа бөлінеді. Әдеби тілі шығыс диалектілік тобына кіретін шемахы – баку диалектісі негізінде қалыптасқан. Өзге түркі тілдерімен салыстырғанда, Ә.т.-нің өзіне тән мынадай ерекшеліктері бар: ұяң д,г,ғ дауыссыздары сөз басындағы қатаңдардың орнына жиі қолданылады: даш (тас), ғол(қол), ғұш(құс), гөз(көз); ә дыбысы сөздің барлық шебінде қолданыла береді: тәкә (теке), (кәпәк) (кебек) кей сөздердің басында шұғыл һ келеді: һашан, һәлә.

Ә.т-нің арғы тегі 8-10ғ-ларда Орта азияда топырағында өмір сүрген оғыз тайпалары тілімен өзектес, содан өрбіген тілдердің бірі. Туыстық жағынан қазіргі  түрік тіліне жақын, бірақ одан елеулі айырмашылықтары да бар: Ә.т-не тән « дауыстысы түрік тілінде жоқ, қыпшақ сөздері де Ә.т-нде молырақ. Жазуы 1929 ж.дейін араб, 1939ж.дейін латын графикасына негізделді, 1939 ж.кириллицаға көшті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *