ӘЖІМҰРАТ КҮМБЕЗІ

ӘЖІМҰРАТ КҮМБЕЗІ – сәулет өнерінің ескерткіші. Маңғыстау облысы Мамышқазған деген жерде. Қабырғаларында сақталған жазуға қарағанда, күмбезді адай тайпасынан шыққан Әжімұрат деген адам 20 ғасырдың басында салдырған. Ескерткіш Үстірттегі өзге күмбездерге ұқсас бір бөлмелі, қалақ тастан қаланған. Терезе жақтаулары, қабырғаларының ішкі жағы ұлттық оюмен өрнектелген. Терезелері есік сияқты босағалы. Мұндай терезелер Артық тамында ғана бар. Бұл өзгешелік қазақ ұсталарыныңшеберлігін, ұлттық сәулет өнерінің мүмкіндіктерін, нақыш түрлерінің молдығын танытады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *