ӘЖУА – өмірдегі құбылысқа, оқиғаға, дерекке көзқарасты аңғартудың, бағалап, пікір білдірудің бір түрі, әдісі. Яғни тіршіліктегі, жеке адам басындағы келеңсіз жайттарды көріп, оған кешіріммен зілсіз күлу. Ә. – кекесін, мысқылдаудың жеңілдеу түрі.
Ә. ашық та, астарлап та білдіріле береді. Мыс., Күдеріқожа: «О, дүние бұ дүниеден жақсы дейді» дегенде, Ұлбике: «Бұ дүниеден о дүние жақсы болса, адамға айтпай қожалар кетер еді» дейді. Бұл – ашық әжуа. Ә.бүгінгі қазақ ақын, жазушыларының шығармаларында да іліп-шалудың тәсілі ретінде жиі қолданылады.