ӘЖИЕВ ҮКІ (23.12.1924 жылы туған, Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Кемертоған а.) – кескіндемеші, Қазақстанның еңб.сің.өнер қайраткері (1985). Ұлы Отан соғысына қатысқан (1942-45). Қазақстан Суретшілер Одағының жолдамасымен әуелі Санкт-Петербург қ-ндағы орта көркем сурет мектебінде (1938-41), кейін Алматы көркемсурет уч-щесінде (1948-50)оқыған. Ә.- қазақ бейнелеу өнерінде өзіндік қолтаңбасы бар суреткер, акварельдік кескіндеме жанрының шебері. Ол туған жер табиғатын бейнелеген картиналардың, еңбек ардагерлер портреттерінің, сондай-ақ шетел сапарынан туған суреттер топтамасының, «Шоқан Уәлихановтың саяхаты» (1959), «Профессор М.Балақаев» (1962), «Студен қыз – Бақыт» (1965), «Маңғыстау даласында» (1976), «Жылқышы қыз» (1980), «Жұбайымның портреті» (1995), «Тау көрінісі» (1997), т.б. туындылардың авторы. Ә-ке Алғашқы тың игерушілер» мен «Тыңдағы құрбылар» атты акварельдік топтамасы үшін Қазақстанның Мемл.сыйл. (1980) берілді. 1950 жылдан әр алуан көркемсурет көрмелеріне тұрақты қатысып келеді.