ӘДІЛОВ ҚАЙЫРЖАН НӘУКЕБАЙҰЛЫ (24.5.1936 жылы туған, Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Пушкин а.) — техника ғылымның докторы (1980), профессор(1982), Қазақстан Ғылым Академиясының корр.мүшесі (1989). Қарағанды политехнологикалық институтын (1958). 1958–1961 жылы Қарағанды көмір комбинатында кен шебері, Қарағанды көмір-химикалық ғылыми-зертеу институтында ғылым қызметкер (1961–1965), Мәскеутау-кен институтының аспиранты (1965–1968), 1968–1983 және 1986–1987 жылы Қарағанды политехнологикалық институтында оқытушы, доцент, профессор болды. 1983–1986 жылы Кабул политехнологикалық институтында (Ауғанстан) дәріс берді. 1987–1994 жылы Қазақ ұлттық технологикалық университетінің кафедра меңгерушісі қызметін атқарды. 1994 жылдан Қарағанды Жер қойнауын кешенді игеру институтының лаборатория меңгерушісі. Негізгі ғылыми еңбектері көмір кендерінің өндірістік технологиясын жетілдіруге арналған. Әділов жер астынан кен өндірудің ағынды технологиясын жобалау теориясын жасады, кен өндіру процестері мен жүйелерінің беріктігін және қарқындылығын зерттеді, шахталар мен кеніштерді күкіртті газдардан арылту технологиясының физика-химикалық өлшемдерін анықтады, жер асты кен жұмыстарының экология қауіпсіздігін негіздеді.