ӘЛ-БЕЛАЗУРИ, Ахмед ибн Иахйа ибн Джабир әл-Белазури (т.ж.б., Бағдат — шамамен 892 — 93) — араб тілінде жазған парсы тарихшысы. Дамаскіде, Химсте білім алған. Аббас әулеті билеушілері әл-Мұтауәккил, әл-Мұстаин, әл-Мұтазза тұсында бірнеше жоғары әкімш. қызметтер атқарған.Әбу-Л-Аббас Ахмед Әл-Белазури «Китаб футух әл-бұлдан» («Жорық кітабы») атты көлемді тарихи еңбек жазған. Шығарманың бізге тек қысқарған түрі ғана жетті. Автор географиялық аймақтарға арналған шығармадағы әрбір тарауда хронологиялық жүйеге сүйенеді. Соңғы тараулардың бірінде арабтардың Хорасан мен Мауераннахрғажасаған шапқыншылығы баяндалған. Әбу-Л-Аббас Ахмед Әл-Белазури Араб халифатының әскери-саяси тарихымен қатар мәдениеті, экономикалық жағдайы, оның ішінде сауда қатынасы, салық жүйесі туралы құнды мәліметтер береді. Орта Азияда түргештердің арабтарға қарсы күресі, әсіресе, оғыздар жөнінде маңызды деректер бар.