ӘДІЛОВ ИКЕ (1881 жылы бұрынғы Семей облысы, Семей уезі, Шаған болысы - 1938 жыл, Семей) - Кеңес өкіметінің саясатына қарсы күрескен қайраткер, қазақ байы.Мұсылманша, орысша оқыған. Шаған еліне болыс болған. Алаш қозғалысына белсене атсалысып, облыстық, уездік қазақ съездеріне қатысты. Семейде құрылған алаш әскеріне, Алашорда қажетіне қаржылай жәрдем көрсетті. Кеңес өкіметі тұсында жүргізілген әр түрлі саяси-экономикалық шараларға қарсылықкөрсетіп, қарулы көтеріліс ұйымдастырған ел басшыларының бірі болды. 1928 жылы тәркілеу науқанында қарулы шайқасқа шықты. 1938 жылы Қытайда тұтқынға алынып, сол жылы Семейде атылды.