ӘДІЛГЕРЕЕВ ХАЛЕЛ МҰХАМЕДЖАНҰЛЫ 1904 жылы 28 сәуірде қазіргі Батыс Қазақстан облысы, Тайпақ ауданы, Қырыққұдық ауылында дүниеге келген. 1974 жылы қазанайының 17 күні Алматы қаласында дүние салады. Көрнекті тарихшы. 1932 жылы Қазан шығыс педогокикалық институтын бітірген. 1939 жылдың қазанның 29 жұлдызында XVIII-XIX ғасырларда қазақтарда төлеңгіттер әлеуметтік тобының пайда болуы, рөлі және эволюциясы” деген тақырыпта диссертация қорғап, қазақтар арасында тұңғыш тарих ғылымының кандидаты атағын алды. 1934 — 1942 жылдар, 1946 — 1951 жылдар және 1954 — 1974 жылдар аралығында Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының деканы, директоры, кафедра меңгерушісі, доценті қызметтерін атқарды. 1942 — 1946 жылдары арасында Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1951 — 1954 жылдары Шымкент мұғалімдер институтында қызмет еттеді. Әділгереев қазақ әдебиеттанушылары мен тарихшыларының тұрпайы социологиялық әдістемелеріне қарсы шығып, шоқантануды бастаушылардың, Асфендияров Санжар Жафарұлы туралы алғаш қалам тартқандардың бірі болды. 1837 — 1947 жылдары Кенесары Қасымов бастаған қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысы жөнінде тарихшы Ермұхан Бекмахановтың тұжырымдамасын қолдағаны үшін саяси қуғынға ұшырады.