ӘДЕБИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ИНСТИТУТЫ

ӘДЕБИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ИНСТИТУТЫМ.О. Әуезов атындағы Әдебиет және Өнер Институты - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым академиясының ғыл.-зерт. мекемесі. 1933 ж. 11 қарашада ғыл.-зерт. ин-ты болып құрылды. 1934 ж. КРО ҒА-ның Қазақ филиалының Тіл және Әдебиет секторы, 1945 ж. Тіл және Әдебиет ин-ты (1946 жылдан ҚР ҒА құрамында) болып жұмыс істеді. 1961 ж. 6 мамырда Ә.ж.ө.и. болып құрылып, сол жылғы маусымда М.О.Әуезов есімі берілді. 1963 ж ин – т құрамында ғыл.бөлім ретінде М.Әуезовтің әдеби-мемориалдық мұражайы ашылды. 1996 жылдан бұл мұражай ин-ттан жеке бөлініп шығып, «Әуезов үйі» ғыл.-мәдени орталығы ретінде жұмыс істейді. Ин-тта 9 бөлім: әдебиет теориясы, әдебиеттану методологиясы, фольклор, әдебиет тарихы, абайтану, қазіргі әдебиет, театр, кино және теледидар, бейнелеу және сәулет өнері, муз.бөлімдері, қолжазба және текстол.орт-ғы жұмыс істейді(1998). Орталықта 1996 жылдан бастап сирек қолжазбаларды сақтау, қалпына келтіру, жүйелеу ғыл.сипаттаматекстол.зерттеу және басылым бөлімдері құрылған. Ин-т көне заманнан бүгінгі дейінгі қазақ фольклоры мен әдебиеті және өнерінің тарихын, әдебиет пен өнер теориясын, қазақ әдебиеті мен өнерінің түркі әлемімен байланыстырып зерттеп, қолжазбаларды ғыл.талдап, жүйелеп. Текстол.жұмыстар жүргізеді. Қолжазба және текстология орталығында қазақ фольклорының екі жүз мыңға жуық нұсқасы сақталған. Ин-т ЮНЕСКО көлемінде аталып өткен Абайдың 150, М.Әуезовтің 100 жылдық мерейтойларына арналған ҚР ҒА мерекелік сессиялары мен халықар.конференцияларын ұйымдастырды. Ин-тта 12 ғылым докторы мен 34 ғылым кандидаты еңбек етеді (1998). Ин-т ТМД елдерімен, Қытай, Монғолия, Түркия, Пәкістанмен ғыл.байланыстар орнатқан. Ин-тта фолол.ғыл.докторы ғыл.дәрежесін беру жөніндегі диссертациялық кеңес, аспирантура мен докторантура жұмыс істейді. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *