ӘБІШЕВ  ОРАЗ 

ӘБІШЕВ ОРАЗ (1 мамыр, 1916 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қайнар ауылы) —  кинорежиссер. Қазақ КСР халық артисі (1966). 1938 ж. Алматы қазақ музықалық театрының (қазіргі Абай атынд. Қазақ опера және балет театры) жанындағы студияны бітірген. 1939 жылдан бастап деректі кино түсірумен айналысқан. “Дина Нұрпейісова” (1947), “Шалғай жайылымдарда” (1950), “Абай” (1953), “Біздің қалада” (1956), “Мәскеуге сәлем” (1958), “Денсаулық аралы” (1961), “Апа”, “Қол құдіреті”, “Тастағы таңба” (бәрі де 1968), “Бір хаттың ізімен” (1971), “Тарихпен тілдесу” (1972), “Мәукен даласы” (1976), “Сынақ” (1977), “Талғаттың зеңгір аспаны” (1979), “Еліктер мекені” (1980), “Ертегішілер” (1983) т.б. фильмдер түсірген. “Арман аралы”, “Кеншілер әулеті”, “Мұқан Төлебаев”, “Желден жүйрік” деректі фильмдері үшін Қазақстан Мемлекеттік сыйлығын алған (1974 жылы).Октябрь Революциясы, екі мәрте «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталған. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *