ӘБІРОВ  Дәурен Тастанбайұлы

ӘБІРОВ Дәурен Тастанбайұлы (6 қазан, 1923, Жамбыл облысыҚордай ауданыҚаракемер ауылы— биші, балетмейстер, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері(1988), Қазақстанның халық артісі (1984). Алматы хореграфиялық училищесін бітірген. Мәскеудің Луначарский атындағы ГИТИС-нің балетмейстерлік бөлімін бітірген (1952). Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1952 — 1977 ж. Абай атындағы Қазақ опера және балет театрының балетмейстері, бас балетмейстері. 1984 — 89 ж. Жүргенов атындағы Мемлекеттік театр және кино институтының кафедра меңгерушісі, 1989 — 97 ж. хореография бөлімінің жетекшісі болды. 1997 жылдан бері театр және кино институтың Жоғарғы хореография мектебінде ұстаз. Великановтың “ҚамбырНазым”,Е. Брусиловскийдің “Қозы Көрпеш — Баян сұлу”, Жұбанованың “Аққанат” балеттерін қойған. Ә. Биші ретінде “Жизель”,“Аққу көлі”, “Бақшасарай фонтаны”, “Баядерка”, “Шопениана” т.б. балеттерде жетекші партияларды билеген,Пуни мен Глиэрдің “Эсмеральда”,Глазуновтың “Раймонда”, Меликовтың “Фархад-Шырын”,Яруллиннің “Шурале” балеттерін сахнаға бейімдеген. “Біржан-Сара”, “Қамар сұлу”, “Айсұлу” операларына, көптеген концерттік билер қойған. “Қазақтың халық билері” (Ә. Исмаиловпен бірге, 1961, 1984)кітабының авторы.“Қазақ биінің кәсіби сахнада қалыптасуы мен дамуы” деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғаған (1979). 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *