ӘБІЛҚАЙЫР РАБАТҰЛЫ

ӘБІЛҚАЙЫР РАБАТҰЛЫ — (1892, Қытай, Іле аймағы, Нылқы ауданы — 1970, Құлжа қ.) — Қытай қазақтары арасынан шыққан қоғам және мемлекет қайраткері. Ауыл мектебінде білім алған. Ел ішіндегі мәселелерге араласып, әкесінің ісіне мұрагерлік етті. Елде мектеп аштырды. 1944 ж. Үш аймақ төңкерісіне қатысып, жаңадан құрылған Үш аймақ (Шығыс Түркістан Респ.) уақытша үкіметі басшысының орынбасары болып тағайындалды. 1946 ж. өлкеде соғысты тоқтату жөнінде Гоминьдан үкіметімен жасалған бейбіт бітімге қол қойды. 1949 ж. Бүкілқытайлық Халық жиналысының мүшесі болып сайланды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *