ӘБІЛҚАЙЫРДЫҢ МОҒОЛСТАНҒА ЖОРЫҒЫ 

ӘБІЛҚАЙЫРДЫҢ МОҒОЛСТАНҒА ЖОРЫҒЫ (1468 — 69) — көшпелі өзбектер мемлекеті билеушісінің ең соңғы жорығы. Жорық “моғол сұлтандарының билігіндегі Моғолстан жерлерін бағындыру”, яғни Моғолстанның батысында, Шу өзенінің бойы мен Қозыбасы тауы аралығында 1458 ж. құрылған Қазақ хандығын талқандау үшін жасалды. Әбілқайырға наразылар Керей мен Жәнібек хандардың қарамағына өтіп, Қазақ хандығы бұл кезде күшейіп келе жатты. Деректерде жарық 1469 ж. жаздың соңы мен қыстың басында Еділ бойы — Ала-Тақ — Қызыл-Нәдір — Жеті құдық бағыты арқылы өткен деп көрсетілген. 15 ғ-дың 60 жылдарында Еділ, Жайық, Жем өз-нің аралығы Ноғай ордасының иелігінде болды. Ал Тобыл бойы ежелден Шайбани әулетінің жері, Әбілқайыр ханның жайлауы. Ақ-Қышлақ деген жерге келгенде Әбілқайыр қатты ауырып қайтыс болған. Хан өлген соң әскері кері оралды. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *