ӘБІЛТАЙ ШӘМІЛ (24.2.1948 жылы туған, Атырау облысы Дендер ауданы Толыбай құмы, Қарақызыл қыстауы) – күйші-домбырашы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (1998 жылы).Атырау музыка училищесін домбыра мамандығы (1972 жылы) бойынша бітірген. 1972 – 75 жылдары Қазақ мемлекеттік филармониясында күйші-лектор ретінде қызмет істеді. 1975 – 85 жылдары еркін шығармашылық еңбекпен айналысады және Қазақ радиосының бас редакторы (1985 – 88 жылдары), ал 1994 жылдан халықаралық. Құрманғазы қорының төрағасы болған. “Домалақ ана”,“Шақшақ Жәнібек”,“Бекет Ата”,“Қыдыркезген Қызылқұм”, “Елбасы” күйлерінің,“Қожа Ахмет Иасауи”,“Жер ұраны – Ұлытау”,“Ордабасы”,“Құрманғазы – күй дүлдүл”,“Мұстафа Шоқай туралы толғау”,“Түркістан”,«Бір ауыз сөз»,«Күй ата» музыкалық-толғауларының авторы. Ә. Шығармаларының негізгі нысанасы – қазақ халқының ұлы тұлғаларының рухын қастерлеу. Қазақстан Ленин комсомолы сыйл.лауреаты (1980).